Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

10.08.2024

412 0

Сурет:massaget.kz

Ақтөбе облысындағы тасжолдың бірінде шағын автобуспен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісі екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

7 тамызда Самара – Шымкент тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы) жүк көлігі мен минивэн соқтығысты. Минивэндегі сегіз адамның барлығы қаза тапты. Олардың арасында бес бала болған.

Ресми ақпарат бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі соттың рұқсатымен ұсталып, қамауға алынды. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі – Беларусь азаматы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: