Павлодарда әйел тоғызыншы қабаттан секірмек болды. Жергілікті полиция қызметкері оны шарасыз қадам жасаудан құтқарып қалды. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.
Көшеден өтіп бара жатқан адам әйелдің секіргелі тұрғанын байқап, тәртіп сақшыларын шақырған. Полицияның мәліметінше, павлодарлық келіншек босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырап, дәрігерлерге қаралған.
“Уақытты босқа өткізбей, әйелді қорқытып алмас үшін баспалдақпен тоғызыншы қабатқа көтерілдік. Онымен сөйлесіп, оның аты кім, қайдан екенін және мұндай әрекетке баруға не итермелегенін сұрадық. Одан қолын беруін өтіндім, ол созды. Сосын оны кіреберіске қарай тарттық. Біздің қолымыздан ұстаған әйел өзінің жаман ана екенін және ешқашан жақсы ана бола алмайтынын айтты”, – деді Павлодар қаласының полиция қызметкері Әсет Құрманалиев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!