Алматы ауданының Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шыққан.
«Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жану болып жатты. Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Тілсіз жауды сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды. ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті», – делінген хабарламада.
Өрт шамамен 250 шаршы метр алаңда оқшауланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!