Сәрсенбі, 15 қазан, 22:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жетісуда ет тиелген автобус құжатсыз ұсталды

15.10.2025

121 0

Фото: Жетісу облысының Полиция департаменті

«Мақаншы – Алматы» тас жолында полицейлер жолаушылар автобусын тоқтатып, оның етке толы екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүргізуші мал етін құжатсыз алып келе жатқан. Ет Алматыдағы базарлардың бірінде сатылмақ болған.

Жетісу облысында «Мал ұрлығы» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында етті заңсыз тасымалдау фактісі анықталды. Автобус Абай облысынан Алматы базарына бет алған.

Жүк бөлігінен 100 ұсақ мал мен 2 ірі қара малдың ұшасы табылды. Жүргізуші бұл өнімді Алматыдағы базарлардың біріне жеткізіп беру үшін алғанын айтты, – деп мәлімдеді ведомство.

13-19 қазан аралығында өңірде тексерістер жүргізілуде. Операцияның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ етті тасымалдау мен сатуға қатысты заңбұзушылықтарды анықтау.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша полицейлер мал ұрлығының екі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, бұрын жасалған төрт қылмысты ашты. Сонымен қатар, 69 сауда нысаны мен ет тасымалдаған 83 көлік тексерілді.

Рейд қорытындысы:

5 факт – құжатсыз тасымалдау,

43 бұзушылық – ветеринариялық ережелерді сақтау бойынша.

Автобусқа қатысты материалдар ветеринариялық инспекцияға жолданып, ары қарай қаралатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: