Бейсенбі, 16 қазан, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылды

16.10.2025

57 0

Фото: BAQ.KZ- архив

Астанада жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автобус апаты Тәшенов көшесінде болды. Астана қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Yutong» маркалы қоғамдық көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол белгісі мен көше жарығының бағанасына соғылған. Соқтығыс салдарынан бағана құлап, қасында тұрған жарнамалық тақтаға түскен, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: