Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Жүру мүмкін емес»: Желіде президенттің көлік айдап жүрген видеосы тарады

15.03.2023

605 0

Желіде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің көлік айдап жүрген видеосы тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Байсун-Денау бағытының бойындағы жолдың сапасына қатысты азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдарды ескеріп, Сурхандария облысындағы сапасы нашар жолмен жүріп шықты. Президент «Малибу» көлігін өзі тізгіндеді. Оның айтуынша, бұл жолмен «жүру мүмкін емес». 

Баспасөз қызметі өкілдері жариялаған видеода президент Сурхандария губернаторы Ұлықбек Қосимовпен бірге ақ түсті «Малибу» көлігін айдап келе жатқанын көруге болады. 

«Жүру мүмкін емес»: Желіде президенттің көлік айдап жүрген видеосы тарады

Президент Байсун-Денау жолына қатысты шағымдарды тексеруді өзі шешкенін айтты.

«Біреуге сенсең, ол өтірік айтады. Бәрі жақсы дейді, жасырады. Міне, бұл жолмен жүру мүмкін емес екенін өзіміз де көріп отырмыз. Сапасы нашар», – деді ол.

Кейін көлік дөңгелегі терең шұңқырға кіріп кетеді. Алдын ала орнатылған камералар да жолдың нашар жағдайын көрсетеді.

Видеода облыс әкімі президентпен келісіп, мұндай жолмен жүру мүмкін емесін растады. Әкім жол-жөнекей қойын дәптеріне ескертулерді жазып отырды.

«Жүру мүмкін емес»: Желіде президенттің көлік айдап жүрген видеосы тарады

Мемлекет басшысы Ұлықбек Қосимовке көлік жолдары комитетінің төрағасы Абдурахмон Әбдувалиевпен бірлесіп, қоғамдық пікірді ескере отырып, 15 күн ішінде «заманауи, сапалы және біркелкі жол» жобасын әзірлеуді тапсырды.

https://t.me/shmirziyoyev/16363?embed=1

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: