Наурызнама онкүндігінің 20 наурыз – Ұлттық спорт күні аясында Ұлттық спорт клубының қолдауымен қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өтті.
Ұлттық сананы қалыптастыру мен жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен жарыста командалық есеп бойынша бас жүлдені Қосшыңырау ауылдық округі, І орынды Қызылөзек ауылдық округі, ІІ орынды Талсуат ауылдық округі және қонақтардан құралған Ұлттық спорт командасы ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен спорттық тауарлар сыйға берілді. Сонымен қатар, қонақтар мен сайысқа қатысушылар үшін арнайы «Наурыз көже» және «Бауырсақ party» ұйымдастырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!