Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

250 отбасы баспаналы болды

02.07.2022

942 0

СПМК-70 тұрғын ауданынан 250 отбасыға баспана кілті табысталды. Жаңа пәтердің кілтін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үй иелеріне салтанатты түрде табыстады.

Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі аймақта жолға қойылған. Оған жыл сайын зәулім үйлердің бой көтеруі дәлел. Соңғы жылда аталған ауданда салынған көпқабатты үйдің қатары артты. Соның бірі биыл қаланың 250 тұрғынына бұйырды.

Жиында жұртшылықты қуа­нышты сәтімен құттықтаған аймақ басшысы:

– Соңғы жылдары Сыр өңі­рінде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, қала аумағы әлде­қайда кеңейді. Зәулім ғи­мараттар бой көтеріп, шаһар­дың сәулеттік келбеті көркейе түсті. Бүгін де жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, от­басы­лардың қуанышын еселе­мекпіз.

Жаңа баспаналарыңыз та­тулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын! Қуаныштарыңыз көбейе берсін! Шаңырақтарыңызға шаттық ор­­насын! Сіздерді құттықтай оты­­рып әр отбасыға жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілеймін, – деп ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде қоныстану­шылар пәтер іргесін қалаған құрылысшыларға  алғыс біл­діріп, еңбек ардагері Қорғанбек Қайруллаев ақ батасын берді.

Ресми мәліметке сүйенсек, үш жыл көлемінде өңірде бой көтерген тұрғын үйлердің жал­пы ауданы 315,4 мың шар­шы метрге жеткен. Яғни 172 көп­қабатты үй салынған. Қазір­гі таңда қалада сатып алу құқы­ғынсыз жалға берілетін 10 үй­дің құрылысы жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: