Сәрсенбі, 14 мамыр, 23:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

14.05.2025

60 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың хатшысы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын, Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер мекеме «УАД» ЖШС кеңейтілетін аумаққа асфальт төседі.

Сонымен қатар, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті тазаланып, 1,4 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Нысанды жақын уақытта аяқтау жоспарлануда. Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жол құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 2,9 шақырым, қазіргі таңда 2,4 шақырымының астыңғы қабаты тазалап ашылды, ал 2 шақырым аумаққа тірек қабырғалары құйылуда.

Еске салайық, өткен жылы аймақтың жол инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жалғасуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: