Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әбігерге түсірген толассыз жауын

13.08.2023

784 0

Әлеуметті желіде су басқан Алматы көшелерінің суреттері тарады. Шаһарда нөсер жауын толастар емес. Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарына 34 мм жауын-шашын түсті, ал тамызда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 34 мм болатын.

Нөсердің салдарын жоюға 1008 жол жұмысшысы мен 640 техника жұмылдырылды. Мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қосымша 52 мобильді бригадасы нөсер суының құйылатын жерлерін аллювийлік қоқыстан тазарту, су сору станцияларының жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізді", - деді әкімдіктегілер.

Қала тұрғындары су басқан Алматы көшелерінің суреттерін желіге жүктеп, қолайсыз жағдайды “ақырзаманға” теңеді.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік астанада жауын әлі де жалғасады.

Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1 008 жол жұмысшысы мен 640 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 52 мобильді бригадасы жаңбыр суын қабылдайтын жерлерін қоқыстан тазартып және де нөсерлі кәріз және дренаждық суларды қабылдайтын сорғы станцияларының жұмысын қамтамасыз етуде. Жаңбыр кезінде 8 ағаш құлап, құлаған жерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта негізгі су басу учаскелері жойылып, арық жүйелерінен қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Онда түнгі кезекшілік қойылды. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, алдағы үш күнде арасында үзілісі бар жауын-шашын мол болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: