Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әлемнің назары өзіңде, Сырдария!

27.08.2022

1138 0

Қызылорда облысында «Сырдария өзені» күніне орай халықаралық конференция өтті.

Шараны АҚШ-тың «USAID» халықаралық даму жөніндегі агенттігі Қызылорда облысының әкімдігімен және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен бірлесіп өткізді. Ауқымды жиын «Сырдария – достық өзені» тақырыбы аясында ұйымдастырылған мерекелік шарадан бастау алды.

Шараға «USAID» халықаралық даму жөніндегі агенттігінің өкілдері, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмамбетов, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Экология, геология және таби­ғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаев «Сырдария өзенінің трансшекаралық реттелуі. Су серіктестігінің мәселелері және оларды шешу жолдары», «Арал-Сырдария» бассейн­дік инспекциясы қорының суды қорғау және бақылау мемлекеттік бөлімінің басшысы Зейнулла Қазтоғанов «Сырдария өзені бассейінінің су шаруашылығындағы жағдайы», Аралды құт­­­қару қорының Қазақстандағы атқарушы дирек­­циясының қызметкері, су шаруашылығы сала­­сының ардагері Әмірхан Кеншімов «Сыр­дария өзенінің ластануы», «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров «Сырдария өзеніндегі су тапшылығы және су ресурстарын тиімді пайдаланудағы іс-шаралар», Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев «Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің су үнемдеу технологияларын қолдануы» тақырыптарында баяндама жасады.

Айта кетейік, Өзен күнін атап өту – Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару бойынша әлеуетті және өңірлік ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс істейтін USAID жобасының бір бөлігі.

Конференцияға қатысушылар ой-пікірле­рі мен ұсыныстарын жеткізіп, сұрақ-жауап алмас­ты. Жиын соңында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов, Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқару­шы дирекциясының қызметкері, су шаруашылығы саласының арда­гері Әмірхан Қадырбекұлы, «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы дирек­торының орынбасары Жорабек Ерназаров, «Аралды құтқару» халықаралық қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясы экология департаментінің басшысы Мария Заднепровская, «Казгипроводхоз» жобалау институты» ЖШС бас директоры Анатолий Рябцев БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз конференциясын өткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: