Жексенбі, 29 желтоқсан, 09:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жүргізілді

29.05.2023

855 0

Қала әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Ермековтың бастамасымен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ өкілдерінен құралған жұмысшы топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жүргізді.

Аралау барысында қала аумағында орналасқан «Смолл», «Магнум», «Анвар», «Қызылорда», «Аль-Асад», «Радуга», «Астана», «Тұран», «Меркурий» «Мирас» сауда үйлері қамтылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты сауда субъектілеріне қойылатын заң талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, сауда үйлерінің өкілдеріне ресми хабарламалар таратылып, сауда субъектілеріне рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: