Қызылорда қаласында 18-27 жас аралығындағы азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда.
Осы бағытта кеше Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топпен түнгі аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында жастарға әскери есепке тұрмай, борышын өтеуден жалтарып жүру салдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387-ші бабына сәйкес жауапкершілікке алып келетіндігі жөнінде түсіндірілді.
Көктемгі әскерге шақыру науқанында Қызылорда қаласынан 200-ге жуық жасты әскерге жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 100-ге жуығы әскерге жөнелтілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар маусым айының аяғына дейін жалғасатын болады.
Әскер қатарына шақырушылар Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша №107 кабинет) 26-42-50 телефоны арқылы хабарласуы қажет.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!