Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әуежайдың жаңа терминалы алдағы жылы пайдалануға беріледі

14.08.2023

590 0

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт ата» әуежайы терминалындағы жұмыс барысымен танысты. Жерлесіміз, меценат Болат Өтемұратовтың қоры өңірде халықаралық стандарттарға сай заманауи терминал салуға ниет білдіргені белгілі. Қазіргі әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаяды. Құны 33 миллион долларды, алаңы 7500 шаршы метрді құрайтын әуежайда телескопиялық трап екі қабатты болады. Жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ. Жылдам әрі жайлы қызмет көрсету, өзін-өзі тіркеу бағандары, жүкті беруді өңдейтін автоматтандырылған жүйемен жабдықталады. Ал жергілікті әкімдік нысанға инфрақұрылым жүргізуде. Терминал құрылысы 2024 жылы аяқталмақ. Әуежай — өңірдің негізгі әуе қақпасы, сондықтан заманауи сипатқа ие болуы қажет. Бұл ретте әуежай басшысына қор өкілдерімен бірлесіп, терминал құрылысына қажетті жұмысты үйлестіру, уақытылы аяқтау тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: