Дүйсенбі, 01 шiлде, 12:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Айбынды ардагерге құрмет көрсетті

31.12.2023

857 0

Жаңа жыл қарсаңында қала әкімі Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірахман Байтіковтің шаңырағына барды.

Шаһар басшысы қазыналы қарияның Тәуелсіздік жолындағы қажырлы күресі мен өңірді дамытудағы елеулі еңбектеріне тоқталып, бүгінгі жас ұрпаққа өмір жолы өнеге екенін айтты.

– Көпті көрген ардақты ардагерлердің, қазыналы қариялардың ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктерімізде Өзіңіздің тыным таппай, жан аямай атқарған жұмыстарыңыздың үлесі зор. Осы ретте, Сіздің ел болашағы үшін тер төккен игі істеріңізге алғыс айтып, басымызды иеміз» – деген қала әкімі Асылбек Шаменов ардагердің деніне саулық, әулетіне амандық тілеп, сый-құрмет көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: