Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы «Теміржол саябағына» барды.
Қазіргі уақытта саябақтың тазалығы, тұрғындарға жайлылығы сын көтермейді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары оның үнемі жабық тұратынына, тазалығына қатысты сыни пікірлер жариялаған еді.
Аймақ басшысы қала әкімі Нұржан Ахатовқа екі күн ішінде барлық кемшілікті қалпына келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Еске салайық, «Теміржол саябағы» «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қайта жаңғыртылған болатын. Мұнда қала тұрғындары үшін волейбол, баскетбол, теннис және спорттық жаттығу алаңдары, субұрқақ салынған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!