Бүгінгі күні табиғи газды облыс халқының 67 пайызы тұтынады. Биыл ауылдық елді мекендерді газдандыру бойынша 13 жобаны іске асыру басталды, оның 7-уі осы жылы аяқталады.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясында осылай деп мәлімдеді.
Нәтижесінде, 15 мыңнан астам халқы бар 8 елді мекен (Ақмая, Алғабас, Пірімов, Басықара, Жалантөс батыр, Бірлік, Қыраш, Қазалы қаласы) табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша, газ тұтынатын халық санының үлесі 68 пайызға жетеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!