Кейінгі екі жылдың ішінде Қызылорда облысында құрылыстың және құрылыс қарқынының аясында абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Құрылыс ел экономикасы өсімінің басты драйвері болса, биыл бұл сала өңірімізде көлемі жағынан өсу бойынша да алға шықты. Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуына оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады. Құрылыс саласы – қашанда экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты екені даусыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!