Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баспасөз конференциясын өткізуде.
– Қала көлемінде газ желісі тартылмаған елді мекендердің бірі – Ақсуат ауылдық округі болатын. Бұл ауылдық округке 2022 жылы республикалық бюджеттен 4.4 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған болатын. Аталған жобаны аяқтауға биыл 1 млрд 700 млн теңге бөлінді. Осылайша біз тағы бір елді мекенімізді көгілдір отынға қосатын боламыз. Ашығын айтуымыз керек, газға қосылмаған тағы бірнеше ауылымыз бар. Оларға да нақтылы жобалар әзірленді. Биыл газдандыру жобасына Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай, Досан елді мекендері енді. Оған Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 662,7 млн. теңге бөлінді. Игілікті іс ақпан-наурыз айларында басталады, – деді қала әкімі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!