Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақсуатқа газ келді

06.11.2021

804 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Ақсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қала әкімі ауыл тұрғындарына Жақыпбек Махамбетов және Наурыз елді мекендерін газдандыру жобасының жай-жапсарын баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды кеңінен түсіндірді.

Қазіргі таңда жобаның алғашқы кезеңіне республикалық бюджеттен қаралған 500 млн теңгеге құбырлар жеткізу, жер қазу, газ тарату шкафтарының құрылысы жүргізіледі. Ол үшін газ құбыры жолындағы инженерлік желілер бойынша «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазавтожол» АҚ, «ҚазСуШар» РМК-мен келісім жүргізілуде. Мердігер мекеме «Алия сервис» ЖШС көрсетілген мерзімде міндеттемесін толық орындауға күш салуда.

– Көгілдір отын Жақыпбек Махамбетов және Наурыз елді мекендеріне Бейнеу-Бозой-Шымкент газ магистралінен тікелей алынады. Ол үшін шыны зауыты жанынан автоматтандырылған газ тарату стансасы салынады. Тыңғы­лықты зерттеулер нәтижесі бас газ тарату пунктінің осы аумақта орналасуын тиімді таңдау екендігін көрсеткен. Себебі алдағы уақытта тек аталған ауылдық округ қана емес, сол аумаққа жақын елді мекен халқы еш кедергісіз газ игілігін көретін болады, – деді қала әкімі.

Газдандыру жобасы 2023 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Оған дейін реттілігімен ауыл тұрғындары көгілдір отынға қосыла бермек. Осы тұста қала әкімі Ғанибек Қазантаев құрылыс бөлімінің басшысы Біржан Далабаевқа және ауылдық округ әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаевқа құрылыс жұмыстарының орындалу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды тапсырды. Өз кезегінде Ақсуат тұрғындары ауылдарына газ тарту жұмыстарына ризашылықтарын жеткізді.

Т.ЖӨКЕБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: