Жұма, 24 қаңтар, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

«Ас беру мәдениеті»  Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

24.01.2025

79 0

Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің ас беру мәдениеті мен жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру жөнінде кеңейтілген жиыны өтті.

Ардагерлер кеңесінің бұл бастамасы халқымызды ысырапшылдықтан арылтып, жаназа рәсімдерінің түпкі мәнін сақтауға бағытталған. Оған ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев, қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, қаланың бас имамы Берік Сүлейменов, ҚМДБ өкілдері мен қаланың, кент, ауылдық округтердің ардагерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және жастар қатысты.Жиында Қызылорда облысы ардагерлері кеңесінің, ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ас беру мәдениетіне қатысты бірлескен Үндеуінен туындаған мәселелер жан-жақты айтылды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев ас беру, жаназа шығару, зират салу, жалпы марқұм болған адамдарды жөн-жоралғыға сәйкес жерлеу мәдениетін халқымыздың дәстүрі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әдістемелеріне негіздеп, бір ізге салу аса маңызды екенін жеткізіп, облыстық ардагерлер кеңесінің Үндеуін қолдауға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: