Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Автобустар көбейді

04.10.2022

792 0

Қаламызда қоғамдық көлік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Себебі сала қызметі көңіл көншітпейді. Әсіресе дәл осы уақытта халық әбігерге түсіп жүр. Күн салқындаса, тіптен қиын.

Қоғамдық көлік мәселесін шешу және халық сұранысына сай қызмет сапасын арттыру мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда Автобус паркіне» қосымша үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустар алу жөнінде тапсырма берген еді.

«Қызылорда Автобус паркі» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке 150 автобус алуды көздеген. Соның нәтижесінде қаламыздағы қоғамдық көлік қатары жаңа автобустармен толықты. 

Бүгінде алғашқы легі қалаға келді. Жаңадан алынған 15 көлік №18 бағытқа қосылды. Ал №18 бағыттағы ескі автобустар №1 бағытта қызмет көрсетуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: