Қазалы аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға арнайы барған аудан басшысы ең әуелі білекті жастардың арасындағы аударыспақ пен ауыл келіндерінің дайындаған қазанжаппайына куә болды.Мұнан соң ашық аспан астында өткен кешті ашып, “Жастар керуенінің” тиімді тұстарына тоқталды. Сондай-ақ, жоба аясында таңнан кешке дейін ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Ғани ауылындағы саябақта өткен шарада “Tulga bol” атты кеңес беру алаңы жұмыс жасады. Мұнда тиісті сала қызметкерлері округ тұрғындары мен жастарын қабылдап, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндірді. Гала концертте аудан және ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп, елді мекен халқына ерекше көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, жоба соңында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов жасөспірімдермен бейресми кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Дәурен Оңғарбайұлы қойылған сауалдарға жеке-жеке тоқталып, барлығы кезең-кезеңімен шешім табанынын тілге тиек етті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!