Аймақ басшысының қолдауымен аулаларды абаттандыру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары белсенді түрде атқарылуда. Бұл жоба бойынша 19 шағын футбол алаңы, 25 жаттығу аймағы, 21 балалар ойын алаңы, 15 аулаішілік шаруашылық алаңы мен 13 демалыс орнын салу көзделсе, әрбір нысан талапқа сай жабдықталып, техникалық жағдайын, тазалық пен тәртіпті, балалар қауіпсіздігін сақтау бірінші міндет болып тұр.



Мұндай шараларды «Универсам» мөлтек ауданындағы Бектұрғанов көшесі №13 үйдің ауласында бой көтеріп жатқан ойын алаңынан көруге болады. «Еңбек Қызылорда» мекемесі атқарып жатқан балаларға арналған заманауи сырғанақтар мен әткеншектердің айналасына қауіпсіздік төсеніштері төселіп, түнгі жарық шамдары қойылуда.


Жалпы, қала тұрғындарының жайлы өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағалы бастама тұрғындардың көңілінен шығуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!