Сәрсенбі, 23 шiлде, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы саласы жүйелі даму үстінде

23.07.2025

84 0

Биылғы көктемгі дала жұмыстары Қызылорда қаласында жоспарлы түрде әрі толық көлемде орындалды. Егіс алқаптары уақытылы игеріліп, шаруалар қажетті жанар-жағармай, тыңайтқыш және гербицидпен қамтылды. Мемлекеттік қолдау аясында ауыл шаруашылығы техникалары мен агрохимиялық құралдар жеткізіліп, ірі жобалар іске асырыла бастады. Қала төңірегіндегі агроөнеркәсіптік секторды жаңғырту – басым бағыттардың бірі ретінде айқындалуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов айтты.

Ауыл шаруашылығы саласы жүйелі даму үстінде

– Ауыл шаруашылығы – қаламыздың экономикалық құрылымындағы маңызды саланың бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл 8 695 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 3 454 гектарға орналастырылды. Көктемгі дала жұмыстарына 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы тартылып, науқан ойдағыдай өтті. Мемлекет тарапынан 269 тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруалар 100 пайыз тыңайтқыш және гербицидпен қамтамасыз етілді. Бұл – жергілікті егіншілердің уақытылы әрі сапалы жұмыс жүргізуіне зор мүмкіндік берді. Бүгінде бұл салада бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Агроөнеркәсіп саласының әлеуетін арттыру, өнім көлемін ұлғайту және заманауи тәсілдерді енгізу – біздің негізгі мақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді шаһар басшысы.

Ауыл шаруашылығы саласы жүйелі даму үстінде

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: