Бейсенбі, 21 қараша, 22:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Ауылдарда қандай жұмыс атқарылады?

27.11.2022

636 0

Қызылөзек ауылдық округі: сапалы электр энергиясы жүргізіледі

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов жұма күні ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Жиын барысында шаһар басшысы облыс орталығында атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып, халықты мазалап жүрген сауалдарға жауап берді.

Атап айтқанда, шаһар басшысы биылғы жылы ауылдарға ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Тұрғындардың талап-тілегіне сәйкес, қажетті шаралардың барлығы жоспардағыдай атқарылды. Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Жедел әрі жүйелі істің нәтижесінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы алдағы жылға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінгелі отыр.

Нақтылап өтетін болсақ, Қызылөзек ауылдық округіне электр желілері жүргізіліп, ауыл тұрғындарына сапалы электр энергиясы беріледі деген жоспар бар. Сондай-ақ бірнеше көше жөндеуден өтіп, жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылады.

Ауылдарда қандай жұмыс атқарылады?

Талсуат ауылдық округі: 150 орындық клуб келер жылы пайдалануға беріледі

​Шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы жұмадағы жүздесуін Талсуат және ауылдық округінде жалғастырды. Жүздесуде қала әкімі жедел әрі жүйелі істің нәтижесінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы алдағы жылға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінгелі отқанын айтты.

Атап айтар болсақ, Талсуаттағы 8 көшені асфальттауға және 13 көшеге талапқа сай электр желілерін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бүгінде бюджетке өтінім жасалған. Ал, құрылысы басталған ауылдық клуб үйі келер жылдың бірінші тоқсанында ел игілігіне беріледі.

Ауылдарда қандай жұмыс атқарылады?

Ақсуат ауылдық округі: келер жылы ауылға газ келеді

​Ал қала әкімі Асылбек Шаменов Ақсуат ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуге барғанда облыс орталығында атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып, халықтың көкейінде жүрген сұрақ-сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары алдағы жыл басынан бастап көгілдір отынға қосылатыны айтылды. Жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен спорт кешені бой көтеріп, балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалмақ.

Сонымен қатар, 4 көшеге асфальт түсіп, ауылдағы барлық көшенің электр желілері мен қосалқы станциялары қайта жаңғыртылады. Осылайша берекелі бастамалар сәтті жүзеге асып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қол жеткізілмек.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: