Бейсенбі, 28 қараша, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

03.04.2021

3417 0

Бүгін Қызылорда қаласы Астана даңғылының бойында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында барлық аудан және Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ өтті.

Бүгінгі жәрмеңкеге Қызылорда қаласының тауар өндірушілері 45 автокөлікпен жалпы 24,1 млн. теңге болатын 68,8 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Өнім бағалары нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.

Жәрмеңкеде тұрғындарға қаламыздың өз топырағынан нәр алып, өз жылыжайларында өсірілген көкөністер ұсынылды. Соның бірі, жергілікті өнім Ақсуат ауылдық округінде орналасқан жылыжай кешенінде өсірілген қиярдан 1 тоннадан аса әкелінді. Естеріңізге сала кетейік, «КазАгроМир» ЖШС жылыжай кешені 2019 жылдан бастап заманауи автоматтандырылған кешенде қияр өнімін өсіруді қолға алған. Кешенде 30-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өнімдерді тиімді бағада сатып алған қала тұрғындары онды көзқарастағы пікірлерімен бөлісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: