Сейсенбі, 14 қаңтар, 00:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Ауызу су сапасына бақылау тұрақты жүргізіледі

13.01.2025

96 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 99%, орталықтандырылмаған сумен 0,9%, тасымалды ауыз сумен 0,1% қамтамасыз етілген. Жалпы облыс бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 204 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 184 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 20 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
2024 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 2584 су сынамасы алынып, оның 5-еуі талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 0,19 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Жалағаш, Қызылорда қаласында анықталды).
Ауыз судың санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 2590 сынама алынып, оның 64-де сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 2,47 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі ауданданында және Қызылорда қаласында анықталды). Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер бойынша нормадан жоғары анықталды.
Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: