Жұма, 28 ақпан, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Азаматтық қоғам – азаматтардың бірлігі

28.02.2025

83 0

Фото: қала әкімдігі

«Достық үйі» ғимаратында Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Шара барысында Қалалық Қоғамдық Даму Бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев қоғамдағы маңызды өзгерістерге ықпал етіп жүрген азаматтық сектор өкілдерін құттықтады.

Айдын Бөкенбайұлы ҮЕҰ, этномәдени бірлестік өкілдері – азаматтық бастамаларды ілгерілетудің және әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды күші екендігін, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, адам құқықтарын қорғау, бірлікті нығайту және басқа да көптеген салаларда белсенді жұмыс атқарып келе жатқандығын атап өтті.

Азаматтық қоғам – азаматтардың бірлігі

Шара барысында бір топ белсенді ҮЕҮ, этномәдени бірлестік жетекшілері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сый-құрмет көрсетілді. Облыстық «Мүгедек әйелдердің «Жәрдем-Содействие» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж. Аликулова, қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Шахатов, «Көкжиек» қоғамдық қорының төрайымы А. Тұрбаева, «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Нұржанов аймағымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың ерен еңбектерін сөз етіп, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға күш салатындықтарын жеткізді. «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Н. Мишукова, облыстық «Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігі жетекшісі И. Шек Алғыс айту күні қарсаңында қазақ халқына қиын-қыстау кезеңде қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдеріне пана беріп, қолдау көрсеткендеріне алғыстарын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: