Бейсенбі, 25 шiлде, 19:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Балалар кино әлемін тамашалады

25.07.2024

113 0

Кеше Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен мүгедектігі бар балалар кино әлеміне саяхат жасады.

Шараға  30 мүгедектігі бар  балалар мен ата-аналары қатысты

Онда балалар «Ойжұмбақ-2» атты анимациялық мульфильмін тамашалады.

Мульфильм туралы ашып айтатын болсақ, фильмнің негізгі кейіпкері 13 жасар Райли. Оның эмоцияларын арнайы пульт арқылы бұрынғыдай таныс команданың мүшелері басқарады: қуаныш, мұң, ашу, жиіркеніш және қорқыныш. Кейіпкерді қалыптасқан өмірінің өзгеруімен байланысты жаңа сынақ күтеді. Оны және жақын құрбыларын үш күндік хоккей жиынына «Отты қырандар» атты мықты командамен бірге жібереді. Жағдай жазғы демалыстан кейін құрбыларының басқа мектепке ауысуымен қиындайды. Жалғыздықтан қатты қорқатын Райли олардан алыстап, командадағы басқа қыздармен – көшбасшылармен жақындаса бастайды. Осы уақытта оның басында да үлкен әбігер басталады. Басқару орталығына төрт жаңа қонақ келеді: Үрей, Қызғаныш, Ұят және Хандра. Олар бұрынғы эмоцияларды ығыстырып, оларды басылған сезімдерге айналдырады және бірнеше жыл бойы Қуаныш пен оның көмекшілері мұқият өсірген сенім ағашын бұзады. Бұл әрекеттер Райли үшін толық тұлғасын жоғалту қаупін тудырады.

            Осылайша анимациялық мультфильм балаларға жағымды эмоция сыйлады.

Мұндағы  мақсат мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

 «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының» төрағасы С.Сиюовтың айтуынша, мүгедектігі бар баланың жеке тұлға ретіндегі проблемасы тек есту, көру, қозғалу қабілетінің жоқтығында ғана емес, сонымен бірге ол балалық шақтың әдеттегі әлемінен айырылып, дені сау құрдастарынан бөлектенетінін жеткізді.

Шара соңында балаларға арнайы бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: