Жұма, 12 қыркүйек, 16:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

«Бақытты отбасы – бақытты ел» атты тағылымды кездесу өтті

12.09.2025

52 0

Отбасы күніне орай «Анаға тағзым» орталығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Мұсаева Гүлшат Исақызы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қалалық әйелдер кеңесі, жергілікті полиция қызметі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы Айгерім Ерболатқызы, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ІІ орын иегерлері – жарты ғасыр бойы үлгілі ғұмыр кешкен Алтын той иелері қатысты.

Отбасы – адамға ең жақын орта, сыйластық пен сүйіспеншілік, ынтымақ пен құрметтің ошағы. Ол – дәстүр мен өнегенің, асыл мұра мен салт-дәстүрдің сақтаушысы, жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуының негізі.

Отбасының бірлігі мен берекесі – ел дамуы мен жарқын болашағының кепілі.Шараны «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбымен «AMANAT» партияcы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Мұсаева Гүлшат Исақызы ашып, шара қонақтары 60 жылдан аса бір шаңырақ астында мағыналы ғұмыр кешкен, тамырын тереңге жайған бәйтеректей, 5 ұл өсіріп, 22 немере, 22 шөбере тәрбиелеп отырған, 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы қалалық кезеңінің ІІ орын жеңімпазы Мыңжасаровтар, ұлағатты ғұмыр иелері – ұстаздар әулеті, жарты ғасырлық тарихы бар «Алтын той» иелері Мырзабаевтар, еліне сыйлы болған адамның тәні мен жанын қоса емдейтін ақ халатты абзал жан, денсаулық саласының ардагері, Қазақстан Республикасының Алтын дәрігер иесі Сәрсенбайұлы Жақсылық аға мен отанасы, «Жаңа серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Сәрсенбаева Сапура Қожантайқызына сөз берілді.

Шара қонақтары саналы ғұмырларында отбасында өткізген өмірлері, көрген қиындықтары мен отбастарындағы қағидалармен және қызықты оқиғалармен бөлісіп, жастарға қиын-қыстау кезеңде отбасыны берік сақтап қалу туралы ақыл-кеңестерін айтып, бата берді. Шара соңында қонақтарға алғыс білдіріп, қала әкімінің атынан алғыс хат беріліп, сый-сыяпатпен құрмет көрсетілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: