Жұма, 22 қараша, 04:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Бас шаһардың даму жоспары талқыланды

04.11.2021

1117 0

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаладан сайланған облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиында бас шаһардың Даму бағдарламасы мен алдағы міндеттер талқыланды. Облыс орталығының 2021-2023 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерге 21 млрд 187 млн теңгенің 49 жобасы ұсынылып отыр. Оған дейін халық қалаулылары әрбір жобаны жан-жақты талқылап, тиімділігін таразылауы тиіс. Жобалардың барлығы коммуналдық саланы ілгерілетуге, қызмет сапасын жақсартуға, шаһарды абаттандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Солардың қатарында соңғы уақытта күрделі мәселеге айналған қоғамдық көлік қатынасы, ауыз су және аяқ судың үздіксіз берілуі және тазалық жұмыстарының үйлестірілуі бар.Келелі кеңесуде депутаттар ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: