Сәрсенбі, 26 ақпан, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Басты талап – тұрғындардың қауіпсіздігі

26.02.2025

87 0

Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Данияр Еренғалиұлының мәжілісінен кейін шаһар басшысы Нұржан Ахатов өткізген арнайы жиында ауа-райының күрт өзгеріп, көп мөлшерде қар жаууына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

– Қардан тазарту жұмыстарына толық жұмылып, инертті материалдардың себілуін қатаң қадағалау қажет. Әсіресе, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымының жанында полиция инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс жасауы керек.Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының басталуына орай қала тұрғындары мал сою бекеттерінде құрбандық шалып, мешіттерде құлшылық етеді. Осы уақытта елдің қауіпсіздігі мен мал сою, ауызашар беру шаралары санитарлық талаптарға сәйкес атқарылуы тиіс, – деп шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: