Бүгін Б.Шөкенов атындағы саябақта талантты жерлесіміз, өнер әлеміне өшпес мұра қалдырған музыкант Батырхан Шөкеновты еске алу іс-шарасы өтті.
Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтың рухына арналған тағзым гүлі қойылып, 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров және Б.Шөкеновтың ағасы Мүсірәлі Шөкенов виртуоз музыкант, талантты әнші-композитор жайлы естеліктерін айтты.
Еске алу шарасында әнші, композитор Ғалым Елубаевтың орындауында Батырханның әндері шырқалды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!