Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Белкөл кентінің тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

28.11.2022

1013 0

24 қараша күні Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының заңгері А.Айбергенова және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасы бас маманы Ж.Козбағарова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары» аясында Белкөл кентінің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасы бас маманы Ж.Козбағарова жиынды бастап, өз баяндамасында: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу қай кезде болса» да күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдауында осы сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдардың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына бірқатар өзгерістер енді», – деп заңның жаңа нормаларын түсіндірді.

Ал Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының заңгері А.Айбергенова тұрғындарды қысқаша баяндамасымен таныстырып, заң аясындағы өзгерістер туралы баяндап, сыбайлас жемқорлық белгілері көрініс алған жағдайда орталықтың «1424» нөміріне хабарласа алатындығын, сондай-ақ барлық ақпараттар құпиялылығы сақталатындығын атап өтті.

Жиын барысында кент тұрғындары өздерінің туындаған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды.

А.НҰРАЗҒАЛИ

Белкөл кентінің тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: