Жексенбі, 16 наурыз, 23:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Берекелі шаңырақ – ел бірлігі

16.03.2025

31 0

«Наурызнама» онкүндігі бойынша 16 наурыз – Шаңырақ күні. Елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру ісінің аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде қарастыратын жаңа тұжырымдамаға сәйкес бұл күні отбасы құндылықтарын дәріптеу ұсынылады. Айтулы күн аясында бүгін Отбасы орталығында «Берекелі шаңырақ – ел бірлігі» атты мерекелік шара өтті.

Ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптарды қайта жаңғыртып, жас буынға өнегелеу, отбасы құндылықтарын дәріптеуді діттеген шара аясында көрермендер назарына «Наурыз жыры», «Саумалық», «Аластау», «Неке қию» рәсімдері секілді 7 түрлі дәстүр көрсетіліп, әрқайсының мән-мағынасы түсіндірілді. Тағылымға толы жеті басқұр биіктеліп, «Қара шаңырақ» құндылығы, киесі дәріптелді.

«Алтын той» иелері және «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары Алиевтер отбасымен сұхбат өрбіп, тәлімі терең отбасының негізін қалаған адал адамдар насихатталды. Отау құрғандарына 50 жыл толған қазыналы жұпқа облыс әкімінің орынбасары Ш.Баймановтың құттықтау хаты табысталды.

Берекелі шаңырақ – ел бірлігі

Мерекелік жиында шаңырақ көтеруге ниетті жастардың некесі қиылды. АХАЖ бөлімінің мамандары қалыңдық пен күйеу жігітке куәлік табыстап, «Алтын той» иелері ақ батасын берді.

Шара соңында қатысушыларға орталық атынан Наурыз сыйы тарту етіліп, ізгі тілектер айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: