Сенбі, 16 қараша, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

«Бір тудың астында»: ынтымаққа ұйыстырған акция

27.10.2022

1041 0

Ұлттық мереке – Республика күнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

«Бір тудың астында» атты жалпы­ұлттық патриоттар акциясына сыр­бойылықтар да қатысты.

«Рәміздер алаңы» аумағында өт­кен шараға 2000-нан аса тұрғын жиналды. Зиялы қауым өкілдері және аймақтық құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік қызмет­шілер, үкіметтік емес ұйым өкіл­дері белсенді жастар көпшілікті отаншылдық сезімге бөледі. Бір мезетте мемлекеттік рәмізіміз Туды көтеріп, әнұран шырқалды. Мұн­дай көрініс қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев елордада бастау алған патриоттық акция Сыр елінде қолдау тапқанын атап өтіп, жерлестерді Республика  күнімен құттықтады.

Патриоттық шарада мемлекеттік органдарға жаңадан жұмысқа қабыл­данған жас мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант берді.

Ұлттық мерекеге арналған жиын патриоттық әндер мен авто, мото­шерумен аяқталды.

Республика күні қарсаңында ай­мақта бес бағытта түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Облыс, аудан орталықтарында түрлі әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: