Жұма, 27 желтоқсан, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Бірлік» күні бірнеше күн тойланады

29.04.2023

797 0

Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің жалпыхалықтық сипатын ескере отырып, аймақтағы іс-шаралар жоспарына 40-тан астам қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, спорттық, ағартушылық және ғылыми-танымдық шаралар енгізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов мәлімдеді.

− 1 мамыр − Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 24 сәуірден бастау алып 3 мамырға дейін жалғасады. Атап айтқанда, 24-28 сәуір аралығында Достық үйінде «Достық үйі – келісім мен бірлік мекені» тақырыбымен ашық есік күндері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Бірлігіміз – әралуандылықта» тақырыбымен лекторийлер, облыс музейлерінде «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» атты көрмелер, облыс кітапханаларында «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты кітап көрмелері, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Ал, мекемелерде мерекелік қабылдаулар мен мәдени-танымдық кештер, облыстық Ассамблея жастарының «Этно fest» фестивалі, «Бірлік – бітімгерліктің бастауы» атты интеллектуалды сайысы болады, − деді басқарма басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ облыс орталығы мен аудандарда мерекелік театрландырылған қойылым, концерттік бағдарламалар, халықтық серуендер, «Таза аула» сайыстары, қайырымдылық шаралар мен волон­терлік көмектер де ұйымдастырылмақ.

Ал аймақтағы негізгі мерекелік мәдени-көпшілік шара 1 мамыр күні сағат 10.00-де Қызылорда қаласындағы «Сыр ана» монументі алаңында «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» тақырыбымен өткізілмек.

Басқарма басшысының сөзінше, мерекелік іс-шаралар азаматтардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: