Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл жылу ерте берілуі мүмкін

23.09.2021

856 0

Ауа райына байланысты көпқабатты үйлерге жылу жылдағыдан ерте берілуі мүмкін. Дайындық жұмыстары бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

Бүгінде аймақтағы 1064 әлеуметтік нысанға және 708 бу қазандығына жөндеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорны бойынша 17 дана автономды-блокты модульдік қазандықтарға да ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек 4,3 шақырым кварталішілік жылу желілері жаңартылды. Кәсіпорын резервуарларында 4,6 мың тонна мазуттың авариялық қоры бар.

«Сондай-ақ, ауа райы күрт өзгерсе, 9 градустан төмендесе, көпқабатты үйлерге жылу беріле бастайды. Біз оған дайынбыз. Мәселен, былтыр ауа райының салқындауына байланысты 10 қазан күні жылу берілген болатын», – дейді Е.Жаңабаев.

Айта кету керек, жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде және облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: