«Тағзым» алаңы аумағында Чернобыль апатының аяқталғанына 37 жыл толуына орай апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алу шарасы өтті.
Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов және облыстық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сансызбай Сандыбеков ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.
Шараға жиналған қауым ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Рухтарына арнап құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!