Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
«Сібір антициклонының жырасымен Қазақстанның температуралық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Солтүстік жартысында аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, жел күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі», – дейді синоптиктер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!