Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дизайнердің дара жолы

09.08.2022

1359 0

Қаламызда «Қазақстанның үздік тауары – 2022» өңірлік көрме байқауы өткен болатын. Байқауға аймақ кәсіп­керлерінің түрлі сала­сынан 60-астам тауар өнді­руші қатысты. Байқаудың кәсіп­керлердің дамуы үшін көп кө­ме­гі бар. Себебі көрме­­­де өздерінің тауар­ла­рын көр­сету ар­қы­лы оны да­мы­туға мемлекет­тен көмек алуға мүм­кін­дік туады. Яғни өз жұ­мысын бастап жатқан соның ішінде өзіміздің өнім­ді дамытуға қазіргі уақытта ке­дергі жоқ.

Көрмеде отандық өнімді өн­діріп, кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан және өз қолтаң­басын қа­лыптастырып үлгерген кәсіп ие­ле­рі әртүрлі аталым бойынша ма­ра­патталды. Мәселен, «Халық тұты­­натын үздік тауарлар» аталымында Айман Сүйінтаева ие болды. «Aiman Abdi» брендімен өзінің қолтаңбасы, үлгісі арқылы жұмысын жан­дан­дырған кәсіпкердің ұлт­­тық киімдері қазіргі уақытта республика ішінде сұранысқа ие. Жылына 450 дана өнім шыға­руда. 5 адамды жұ­мыспен отыр. Ди­зай­­нерлік үлгіні қа­зақи нақыштағы ба­ла­­ларға арналған  киім үлгілерін жа­сау­дан бастаған. Біз «Aiman Abdi» дүке­ні­не барып, ұлттық киім­дердің үлгілерін кө­руді жөн санадық. Дү­кенде көздің жауын алатын ұлт­тық киімдер көп екен. Ұлттық киім­дер үйлесі­мін тауып ерекше стильде тігілген. Тұсау кесер­ге ар­налған киімнен бастап, отба­сылық үлгідегі киімдерге дейін бар. Яғни сіз той жасап, отбасыңыз бірдей ұлт­тық киімді кигенін қаласаңыз осы дүкенге баруға әбден болады. 

Айман «есеп және аудит»  мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­верситетін бітір­ген. Мамандығы басқа болса да өнерге жақын болды. Ұлттық киімдер­­дің үлгісін тіге бас­та­ды. Сол арқылы өзінің қолтаңбасын қалыптас­тыруды мақсат етті. Пандемия кезінде онлайн уақытты тиімді пайдаланып, дизайнерлік оқу курстарында білімін шыңдады. 2020 жылы алғаш рет «Дүние кілті сұлулықта» іскер  әйелдер  бас косу кезінде дефиле көрсетіп, ұлттық қамзолдарын жұрт­шылыққа паш еткен. Сол уақыттан бері көптеген сән көрсетіліміне қатысып, қа­зақтың ұлттық киімдерін халыққа дәріптеуде. Бүгінде арманы орын­далып, жетістікке жетсе ол – өзінің таланты мен шынайы еңбегінің нәтижесі.

– 2019 жылы ең алғаш рет 3 қам­зол­дың үлгісін жасап жұмы­сымды бастадым. Киім үлгісін сызуды жаныма жақын тұттым. Дегенмен өзіміздің ұлттық өнерге үлес қосу үшін қазақы нақышта үлгілер сызуды жөн көрдім. Дизайнерлік киімге тап­сырыс толастаған емес. Әсіресе инстаграм желісі арқылы елі­міздің басқа қалаларынан тап­сырыс беретіндер бар. Қазір отбасылық киім­дерге сұраныс көп. Үйде отырып, киім үлгілерін жасаймын. Тігіншілер тіккеннен кейін моншақтарын өзім тігемін. Өз қол­таңбам, ерекшелігім бол­ғанын қа­лаймын. Басқа елге сыйлық­қа алатын мекемелер аз емес. Яғни қазақтың мәдениетіне қосып жатқан үлесі­міздің бір бөлігі деп білемін. Жа­қында мемлекеттен төменгі пайызда несие алу үшін өтініш бердім. Егер кәсібімді кеңейтуге мүм­кіндік болса, ателье ашуды жоспарлап отырмын,  –  дейді Айман ағынан жарылып.

Айманға идея мен шабыт тосыннан келеді екен. Киімдердің маталары да ерекше таңдаумен әкелінеді. Жіптерін Алматыдан алады. Бағалы маталар мен тың идеяның қосылуынан қайталанбас, айрықша киімдер тігіледі.

– Дизайнерлік киімдердің ерек­ше­лігі – көшірме болмауы тиіс. Жан-жақты ізденістің, то­лық­қанды идеялардың жемісі ретін­де жаңа туынды шығады. Біреу­дің идеясын қайталау – қате­лік. Әр адам өз дизайндық шебер­лігімен, өз стиль, өз ерек­шелігімен танылуы керек. Сон­да ғана өз қолынан шыққан өне­рімен мақтана алады, – дейді ол.

Aiman Abdi Qazaqbrand жоба­сы­ның ең басты ұстанымы – қазақ ұлттық киімдерін дәріптеу.

– Қазақ – әлемдегі ең ғажап ұлт. Қазақты әлем халқына ғажап ұлт екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, киімдеріміз. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген ұлағатты сөз бар. Сол қағида бойынша қазіргі заман талабына сай өз жұртымызды қазақи нақышта киіндіріп, бала кезден өз ұлтының киіміне деген сүйіспеншілігін нығайту –  Aiman Abdi Qazaqbrandтің ең басты миссияның бірі. Ұлттық киімдер әр адамның ажарын ашып, сәнін кіргізеді деп білемін. Өзім де көбіне қазақы нақышта киінгенді ұнатамын, – дейді кейіпкеріміз.

Адал еңбек, теккен тер ақтал­мауы мүмкін емес.  Айманның жұмысы да үлкен ортада баға­ланып жүр. Тапсырыс та күннен-күнге көбеюде. «Үздік тауар­лар – 2022» көрме байқауына номинация алып, республикаға жолдама алуы да үлкен жеңіс. Өз қолынан шыққан туындылары қошемет пен марапатқа бөленіп келеді. Мұндай қуаныштар дизайнердің шабытына шабыт қосады. Айман төрт баланың анасы. Жолдасы оның кәсібінің дамуына қолдау көрсетіп, әркез демеушілік жасап келеді.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: