Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда егін жинау науқанының барысы қаралды. Жиында көтерілген мәселе бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады.
Қазіргі таңда қала бойынша егін жинау науқаны қарқынды жүруде. Шаруашылықтар жоңышқа орымын аяқтап, шөп дайындау жұмыстарын атқаруда. Бау-бақша өнімдері де межелі уақытында жиналуда. Ал, бүгінгі күнге күріштің 1 275 гектары орылып, 1 024 гектары бастырылған. Орта өнім 52 центнерден келуде. Егін жинауға қажетті жанар-жағар май жеткілікті деңгейде. Күн райына қарамастан, егінді мүмкіндігінше шығынсыз жинап алған жөн. Тиісті сала жетекшілері науқанның қарқынын бәсеңдетпей, оны 15-ші қазанға дейін аяқтауы тиіс,-деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жиында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!