Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Еңбегі жанған арулар

04.12.2020

1807 0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Азамат Мукеев, Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, Аналар кеңесінің мүшесі, «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы Рахима Ахметова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, облыстық Ассамблея жұмысын жетілдіруде елеулі үлесі бар белсенді қыз-келіншектер, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар, аудан орталықтарынан келген ақ жаулықты аналар,  «Берекелі шаңырақ» отбасылық байқауының жеңімпаздары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жылулық ескен шарада «Анамның бейнесі» суреттер галереясы және бейнесі мәңгілікке жүргемізде сақталған «Қазақ аруларының» портреттері қойылды.  Сондай-ақ қазақ әйелінің ұлттық әшекей бұйымдарының көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Форум салтанатты марапаттау рәсімімен басталды. «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Азамат Мукеев тұтастықтың құтты шаңырағына айналған Ассамблеяның жұмысын ілгерлетуге атсалысып жүрген нәзік жандыларға ризашылығын білдіре отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық  филиалы директорының орынбасары Айсұлу Қасымова, Қармақшы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Дильфура Байрактарова, «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Аналар кеңесінің мүшесі Майя Наримова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы, Журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы Елена Рыбина және Ж.Нұрманов атындағы №198  орта мектебінің директоры, Аналар кеңесінің мүшесі Анжела Садықбековағатабыстады.

Еңбегі жанған арулар

Мұнан соң форум жылдағы дәстүрлі түрде өткізілетін «Берекелі шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ұласты. Жүлделі бірінші орынды Жалағаш ауданы Цой отбасы, екінші орынды Қазалы ауданы Жұмаевтар отбасы, үшінші орынды Қызылорда қаласы Есиндер отбасы иеленді. Жеңімпаздарды Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева құттықтап, облыстық Ассамблея тарапынан әзірленген диплом мен бағалы сыйлықтарын тарту етті.

Барша форумға қатысып отырған асыл жандардың құрметіне «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Константин Луца және Қызылжарма ауылдық округі мәдениет үйі өнерпаздары «Ана» туралы әндерін арнады.  

Еңбегі жанған арулар

Форумда «Ақ орамал» жобасының  ұйымдастырушысы Рахима Ахметова қатысушыларға зор алғысын білдіріп, атқарылған ауқымды шараларға шолу жасады. Осы ретте облыс көлемінде өткізілген «Ақ орамал» жобасы туралы бейнекөрсетілім көрсетілді.

Тағылымы мол шара соңында еңбегімен елді нұрландырып жүрген асыл жанды 10 анаға ерекше номинациялар берілді.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: