Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткен салтанатты шарада шаһар басшысы Серік Қожаниязов қызметте үлгілі тәжірибесімен, табысты еңбегімен қоғамның үлкен қозғаушы күші бола білген құрметті аналарды, ардақты аруларды марапаттаған болатын.
Марапат алушылардың қатарында қала тынысымен біте қайнасып жатқан сала мамандары да марапат мінберінен көрінді. Атап айтсақ, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшысы Дариха Ерібайқызы, маманы Жарқын Қаниқызы, «Қызылорда «Автобус паркі» мекемесінің техникалық қызметкері Жанар Сүндетбайқызы, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің инспектор-бақылаушысы Ғалия Жалғасқызы, «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің жетекші инженері Әйгерім Қожахметқызы марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!