Сенбі, 19 сәуiр, 07:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Еңбек еткеннің еңсесі биік

28.02.2025

392 0

Фото: қала әкімдігі

Қаламыздың тазалығы мен көркеюі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдіру – азаматтық борышымыз. Бүгінгі кейіпкеріміз «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жүргізушісі – Рүстембек Ибраев.

Ол 17 жылдан бері арнайы техникамен қыста қар, жазда қоқыстарды жинап, шаһар тазалығына үлесін қосып келеді.

– Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да тоқтаусыз еңбек етеміз. Ең бастысы –жұмысымызға деген құрмет. Биыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануы қарапайым еңбек адамдары – біз үшін үлкен мәртебе. Себебі, нағыз өндіріс пен құрылыстан бастап, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласына дейінгі барлық маңызды істер жұмысшы мамандардың қолында, – деді Рүстембек Ибраев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: