Сенбі, 01 наурыз, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Еңбек ұжымдарына алғыс айтты

01.03.2025

14 0

Шаһардың тазалығы және көркейту-көгалдандыру қызметін жандандырып, уақыттың қай мезгілі болса да міндетті шаруасын ширата білетін «Қызылорда тазалығы» мен «Жасыл Қызылорда» мекемесіне қала әкімі Нұржан Ахатов бүгін арнайы барды. Онда еңбек ұжымдарының жұмысшыларымен жүздесті.

– Қазіргі қоғамда еңбек адамына құрмет ерекше. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда: «Біз ел болып еңбек адамын қадірлей білуіміз керек. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады» деген болатын. Осы бағаны әрдайым құптаймын және маңдай тер, адал еңбек иелері Сіздерге алғысымды білдіремін, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Еңбек ұжымдарына алғыс айтты

Шаһар басшысы қос мекеменің беделі мен берекесін көтеріп келе жатқан жұмысшыларға санаториялық-тынығу орындарына жолдама табыстады. Айта кету керек, бұл бастама облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып келеді.

Еңбек ұжымдарына алғыс айтты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: