«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Бәйтерек ш/а автокөлік көпірінің құрылысына байланысты ағымдағы жылдың 8 тамызында Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданы және Досан елді мекеніндегі газ тарату желілерінде жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты 2023 жылы 8 тамызда сағат 7:00-ден 19:00-ге дейін Қызылорда қаласы Бәйтерек шағын ауданы мен Досан елді мекеніндегі жеке тұрғын үйлердің тұтынушыларына, сондай-ақ, өнеркәсіптік және коммерциялық-тұрмыстық кәсіпорындарына (қоса берілген схемаға сәйкес) табиғи газ беру тоқтатылады.
Газды өшіру кезеңінде газ аспаптарының алдындағы крандарды жабуды сұраймыз. Сондай-ақ тұтынушыларға газ беру жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің 2023 жылғы 8 тамыз сағат 13.00-ден бастап қолжетімділігін қамтамасыз етуді сұраймыз.
Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!