Сенбі, 21 желтоқсан, 18:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ғ.Қазантаев: Ең қажеті – елдің қолдауы

16.04.2021

3443 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың тұрғындармен кездесуі Ақжарма, Ақсуат ауылдық округтері мен Тасбөгет кентінде жалғасты. Қала әкімі алдымен Ақжарма ауылдық округіне барды.

Құрамына Баймұрат батыр мен Талдыарал елді-мекендері кіретін Ақжармада жол жайы реттеліп, ауыз су мәселесі де шешімін тауып келеді. Ақжармалықтар енді «Ауылға заманауи үлгідегі амбулатория салынса» – дейді. «Жаңа амбулатория салуға облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы бюджеттік өтінім берілген. Қаржының бөлінгенін күтіп отырмыз» – деген қала әкімі ауылдағы ескі амбулаторияның ғимаратына да барып, нысанның қазіргі жағдайын көрді.

Қос ауылды біріктірген округтің әу-жайына назар салып, тұрғындарымен емен-жарқын пікір алмасқан қала басшысы одан әрі Ақсуат халқымен жүздесті. Шаруасы ширақ, әлеуеті әлденген, экономикасы өрісті өлкенің тұрғындары осыған дейін ауылда атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, жаңа басшыға тек сәттілік тіледі.

Жыл санап тірлігі түлеп, даму жолында жаңа тынысы ашылған тасбөгеттіктер де Ғанибек Қонысбекұлын ерекше құрметпен қарсы алды. Кентте атқарылған жұмыстарға жақсы деген бағадан артық айтарымыз жоқ деген ардагерлер алдағы уақытта қала әкімімен етене жұмыс істеп, Тұран төріндегі Тасбөгетті дамыта беретіндіктеріне сенімдері мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар қала әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді.

Кездесу соңында «Бүгінгі кездесуде өздеріңізбен жолығып, баталарыңызды алдым. Алдағы уақытта қызу жұмыстың бел ортасында, жарқын жобалар мен байырқалы бастамалардың басында жолығатын боламыз» – деген қала әкімі «Бізге дейінгі істелген жақсы істерді жоғары деңгейде жалғастырып, одан да биік мақсаттарға жетуде ең қажеті елдің қолдауы. Сондықтан сіздерді жақсы іске жұмылып, бірлесіп, ақылдасып жұмыс істеуге шақырамын» – деп, сөзін қорытындылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: