Сенбі, 21 желтоқсан, 23:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ғ.Қазантаев: Халыққа қызмет сапалы көрсетілуі керек

19.04.2021

3205 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қалаға қарасты дербес бөлімдерді аралап, жұмыстарымен танысты.

Ғ.Қазантаев: Халыққа қызмет сапалы көрсетілуі керек

Алдымен шаһар басшысы құрылыс, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылық бөлімдері орналасқан ғимаратқа барып, бөлімдердің жұмысымен танысты.

Бірнеше бөлімді біріктірген нысанда келушілер үшін қолайлы орта қалыптастырылған. Әр бөлімнің арнайы терезелері арқылы тұрғындар өз сауалдарын қойып, мәселелерін бір ортадан электрондық кезек жүйесімен шеше алады. Сонымен қатар өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да қарастырылған.

Одан әрі Ғанибек Қонысбекұлы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орналасқан А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіне барды. Нысанның материалдық базасымен таныстырған қала әкімінің орынбасары Асқарбек Темірбекұлы бөлімнің мүмкіншіліктері мен қажеттіліктерін атап өтті.

Бұл бөлім қаладағы мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар ментарихи музейлер, орталықтандырылған кітапханалар жүйесін бір ортаға біріктірген. Қала бойынша бөлімге қарасты 34 мәдени нысан халыққа қызмет көрсетіп келеді.

          Шаһар басшысы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмысымен де танысты.

          Бүгінде тұрғындарға 26 мемлекеттік, 8 арнаулы әлеуметтік  қызмет түрін ұсынатын бөлімнің құрамында 4 орталық, 2 бөлімше бар. 200-ден аса қызметкер жұмыс істейтін бөлімге күніне 1500-ге жуық азамат қызмет алуға жүгінеді.

Барлық бөлімдердің жұмысымен танысқан қала басшысы «Сіздерге барлық жағдай жасалған, материалдық-техникалық базаларыңыз нығайтылған, тек жүйелі жұмысты жалғастырып, халыққа сапалы қызмет көрсетулеріңіз керек» – деді.

Қала әкімі аралау барысында өткен жылы Жол картасы аясында С.Торайғыров көшесіне жүргізілген жаяу жүргіншілер жолын дакөрді. ДГУСервис» ЖШС жүргізген 2 шақырымға жуық тротуардан олқылықтар анықталған. Жобаның іске асырылған уақыты – 2020 жылғы 24 маусым – 24 қазан аралығы. Қазір уақытта мердігер мекеме кепілдеме негізінде жаяу жүргіншілер жолына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: